МемТізілім туралы

МемТізілім туралы

slide1

Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін (МемТізілім) құру тұжырымдамасы барлық мүліктің (жылжымайтын мүлік, құрал-жабдық, көлік, ақша қаражаты, бағалы қағаздар, технологиялар және тағы басқалар) заңды тұлғалардың теңгеріміне бекітілетіндігіне негізделеді. Осылайша, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыра отырып мемлекет осы мүліктің бар болуы мен пайдаланылуын бақылау мүмкіндігін алады.

 МемТізілім – бұл Қазақстан Республикасы аумағында және оның шекарасынан тыс орналасқан мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен жарғылық капиталына қатысатын заңды тұлғалар туралы экономикалық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты қосатын бірыңғай сандық және сапалы көрсеткіштер жүйесі және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы №246 қаулысымен бекітілген МемТізілімді жүргізу Ережелеріне сәйкес қызмет етеді. Ережелер мемлекеттік кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелер мен жарғылық капиталына қатысатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Объект) қатысты құру, қайта ұйымдастыру, тарату мен қайта тіркеу, сондай-ақ ауыртпалық (кепілдік, басқаруға беру) мәселелерін реттейді.

 Объектілерді есепке алу мемлекеттік мүлікті тиімді қолдану мен бақылау мақсаты үшін жүзеге асырылады.

 МемТізілімді жүргізу «МемТізілім» мамандырылған бағдарламалық кешені («МемТізілім» МБК) көмегімен жүзеге асырылады.

 «МемТізілім» МБК мынадай ақпараттық ауқымдарды қамтиды:
 - Есепке алу объектілері;
 - Есепке алу объектілерін сату;
 - Есепке алу объектілерін басқару;
 - Есепке алу объектілерінің кепілдігі.

 Есепке алу объектісі бір бөлігі тұрақты болып табылатын және сирек өзгеретін, ал басқа бөлігі Объектінің қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тұрақты өзгеретін көрсеткіштермен сипатталады. Объектінің негізгі көрсеткіштерінің өлшемдері болып мыналар табылады:

 - тұрақтылық,
 - сәйкестендіру белгілеріне ие,
 - есепке алу үшін принциптілік мағынаға ие.

 «Есепке алу» ақпараттық ауқымы есепке алу ақпаратын қамтиды және Есепке алу объектілері бойынша деректерді жүргізу үшін, олардың сәйкестендіруіне арналған.

 «Объектілерді сату», «Объектілерді басқару», «Объектілер кепілдігі» ақпараттық ауқымдары АҚ-да мемлекеттік акциялардың пакеттерімен мәмілелерді және ЖШС-де мемлекеттік қатысу үлестерімен мәмілелерді тіркеу үшін арналған.

 «Объектілерді сату» ақпараттық ауқымы Есепке алу объектілерін толық немесе жартылай жекешелендіруді, сондай-ақ Есепке алу объектілерін сату жасасқан шарттар бойынша түскен төлемдерді есепке алуды жүргізу үшін арналған.

 «Объектілерді басқару» ақпараттық ауқымы оларды үшінші тұлғаларға беру жолымен Есепке алу объектілерінің ауыртпалықтарын есепке алуды жүргізу үшін арналған.

 «Объектілер кепілдігі» ақпараттық ауқымы оларды үшінші тұлғаларға кепілдікке беру жолымен Есепке алу объектілерінің ауыртпалықтарын есепке алуды жүргізу үшін арналған.

Байланыс

Мекенжай

Қазақстан
Астана, 010000
Республика даңғ., 29 үй

Email:

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тел.:

тел.: (7172) 309824, 309825
факс.: (7172) 552981

Кері байланыс

JoomShaper