Құрылудың қысқа тарихы

Құрылудың қысқа тарихы

Ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Ақпараттық-есептеу-орталығын қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қарашадағы № 1088 қаулысымен құрылды.

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 7 қарашадағы № 723 қаулысының 2-тармағына сәйкес «АЕО» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «АЕО» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «АЕО» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «АЕО» акционерлік қоғамы болып қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылды.

 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1995 жылы берген лицензияға сәйкес АЕО бағалы қағаздар рыногында делдалдық операцияларды жүзеге асырады, Орталық-Азия қор биржасының, Халықаралық Қазақстан қор биржасының, Брокерлер мен дилерлер ассоциациясының мүшесі болды, ал қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасының мүшесі, Орталық Депозитарийде есеп-шоты бар және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттелінген.

Байланыс

Мекенжай

Қазақстан
Астана, 010000
Республика даңғ., 29 үй

Email:

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тел.:

тел.: (7172) 309824, 309825
факс.: (7172) 552981

Кері байланыс

JoomShaper