«Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі №802 қаулысына сәйкес, жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор болып анықталды, ол «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 9-тармағына сәйкес:
 
1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, енгізуді және жаңғыртуды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз қызмет жасауын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын жасауды, қызмет жасауын және техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолданумен мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсетеді;
5) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға қол жетімділікті қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік органдарға мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында консультациялық және практикалық қызмет көрсетеді;
7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функцияларын жүзеге асырады;
8) есепке алу объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;
9) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды немесе оларға қатысты мемлекеттің мүлікті құқықтары бар номиналды ұстаудың функцияларын жүзеге асырады.

Байланыс

Мекенжай

Қазақстан
Астана, 010000
Республика даңғ., 29 үй

Email:

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тел.:

тел.: (7172) 309824, 309825
факс.: (7172) 552981

Кері байланыс

JoomShaper