Қызмет аумағы

МемТізілімді жүргізу жөніндегі қызметтер

1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-әрекеттер Бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының министрліктері, ведомстволары мен ұйымдарының басшы қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентінде өткен кеңесте қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы Хаттамалық шешімді орындау үшін, АЕО-мен Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тізілімін (МемТізілім) құру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

 Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Ұлттық статистикалық агенттігі, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігі» АҚ-ы, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару департаменті, ҚР ҚМ Жекешелендіру жөніндегі департаменті) дерекқорларының қоры негізінде өткізілген жұмыстың аясында 34 мыңнан астам мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын бұдан әрі Есепке алу объектілері деп аталатындар МемТізілімі құрылды.

 Қазіргі уақытта Есепке алу объектілері олардың жүзеге асыратын қызметінің түрлері, аумақтық орналасуы, ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік басқару органдары бойынша жүйеленді. Оларды сату мәмілелерін, ауыртпалығы барын, мемлекетке бюджетке түскен дивидендтерін, олардың қаржылық қалпын, атап айтқанда жүзеге асыратын қаржылық-шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға мүмкіндік пайда болды.

 Мемлекеттік акциялардың пакеттерімен акционерлік қоғамдардың Тізілімде есепке алуды жүргізуді мемлекетке тиесілі құнды қағаздарды номиналды ұстау принципті негізі болып табылады. АЕО-ы номиналды ұстаушы бола отырып, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің, жекелеген жергілікті атқарушы органдардың шоттарын жүргізуді жүзеге асырады және мемлекеттік акциялардың пакеттерімен байланысты барлық құқықтарды тіркей (бекіте) отырып барлық ақпаратты тұрақты өзекті етіп бір жерге шоғырлады.

 МемТізілімді жүргізу «МемТізілім» мамандырылған бағдарламалық кешені көмегімен жүзеге асырылады.

Байланыс

Мекенжай

Қазақстан
Астана, 010000
Республика даңғ., 29 үй

Email:

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тел.:

тел.: (7172) 309824, 309825
факс.: (7172) 552981

Кері байланыс

JoomShaper